Өлең, жыр, ақындар

Өзіме

Хақ сөйле, қызыл тілім, адал сайрап,
Тапсырдым бар ойымды саған арнап.
Көңілім арам ойлап алаңдама,
Алмаққа біреуді алдап, біреуді арбап.

Мың қайғы бip борышты өтемейді,
Тағы да қылма уайым соны барлап.
Байды зорсып, кедейді нашарсынып
Бұзылдың көзі құрғыр, елді талдап.

Еңбекке жалқауландың екі қолым,
Тілейсің жылы суға дәйім малмақ.
Сырласып сыбырменен сылқыл жасап,
Құлағым, қуқыл болдың Құдай қарғап.

Малдыға изең қағып, көңілін бағып,
Басым да елді алдадың құр «алдалап».
Тоқтам қыл, билікті бер, мүшелерім!
Осыны «ождан» сүймей жатыр зарлап...



Пікірлер (3)

Береке

Өте керемет өлең екен айтарға сөзім жоқ

Аяла

Өте керемет өлең.Осы өлеңді жаттап алдым.

Кәусар

Өлең өте жақсы.Мен өзім жаттап алғанмын

Пікір қалдырыңыз

Қарындастарыма

  • 1
  • 1

Айтылмай мынау сөзім қалған дағы,
Жоқ болса қыздың теңі - арман дағы.
Жігіттің сырт омынан іші аспаса,
Сол қызға бір қосылған «арлан дағы».

Толық

Осыным менің қай қылық?

  • 0
  • 1

Өмірдің осы өрінде,
Ер ортаның белінде
Айырылдым естен нағылып?
Соқпақтан жаза адымдап,

Толық

Сені

  • 0
  • 0

Мен шындап сүйгем жүрегімнен,
Күшейіп күндегі дерт күндегімнен.
Қарағам қабағыңа көңілің үшін,
Сыйлағам, қадіріңді біле білгем.

Толық

Қарап көріңіз