Өлең, жыр, ақындар

Тергеген болсаң айтайын

Маржандай тізген жырымды
Айтайын болсаң, тергеген:
Домбырадай күйленіп,
Ән тасып көкірек кернеген.

Махаббат толып жалындай,
Лүпілдеп жүрек тербеген.
Шаттанып күйлер қауласып,
Қосылған әрбір пернеден.

Дүниеге жайып құшақты,
Күштерім құлаш сермеген.
Шаттанған тасып өлеңді,
Айтпауға ерік бермеген.

Кейде толып көкірекке
Кектер толып кернеген.
Жігер қайнап зұлматқа,
Дүниеден шындық көрмеген.

Көз жасын көріп сорлының,
Екпінді қызу өлеңді
Көкірегім жылап еңіреген
Айтпауға ерік бермеген.



Пікірлер (5)

Дарига Акбергенова

Маған Игерген
болсаң айтайын деген өлеңін қатты ұнады бұл өленнің мағынасы өте зор екен

Жолдасбай Назым

Маған көкшетау деген тақпағы қатты ұнады

Мадина

Есте қалатын ән екен

Мадина

Өте әсерлі ән екен маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Қоштасқан жер

  • 0
  • 0

Жан жолдac! Ұмытылмас қоштасқан жер.
Сөздерің емес тіпті естен кетер.
Көзіңе жас кеп толған сұрың қашып,
Мен келіп, хош дегенде қолыңды бер

Толық

Тұрмыс толқынында

  • 0
  • 0

Тасып аққан Жайықты
Кейде ұқсатам тұрмысқа,—
Әркім есіп қайықты
Ағып, қалқып тырмысқан.

Толық

Аққудың айрылуы

  • 0
  • 1

Арқада бір жер бар еді,
Жібек самал саясы:
Саяда бір көл бар еді.
Сырлы кесе аясы.

Толық

Қарап көріңіз