Өлең, жыр, ақындар

Мұрын жайлы әзіл

"Перзент болу оңай ма толыққанды,
Зерттеп өс, - деп, -айдарлы алыптарды"
Мені башқұрт жыршысы Мұстай Кәрім
Расул Ғамзатовқа алып барды.

Таулыққа тән асау ой қанатында
Жайсаң, күліп қоштасты дара тұлға.
Үш жылдан соң Ғарышкер Севастьянов
Таныстырды қайтадан мені ақынға.

Расул айтты: "Кез келген жас талапты
Балау қиын қыранға қос қанатты.
Інім, сенің жырыңды оқығам жоқ,
Бірақ бұзау мұрының есте қапты.

Өзгешелік — табиғат тірегі екен,
Өзгешеге ойлы жан күле ме екен?
Өнерде де бөгде жұрт шатастырмас
Өз мұрының болсын деп тілек етем".

Тыңдағым кеп ғасырдың арайлы әнін,
Арай шашқан тауларды маңайладым.
Ғамзатовтың өзіне қарадым да:
"Гәп мұрында жатыр ма",- деп ойладым.

Өтті жылдар,
Кеңейді өрісім де.
Бар, әрине, жеңіліс,
Жеңісім де.
Тілектесім көбейді ел ішінде,
Біреулер жүр келе алмай келісімге,
Өлеңімнің мұрынын бұзғысы кеп,
Жұдырығын жасырып жең ішінде.
Даралыққа не жетсін көңілдегі...
Бақытты жан мен болам төріндегі.
Өлеңде де ешкімге ұқсамайтын
Мұрынымнан танысаң, елім, мені!



Пікірлер (2)

Алыбай Шегебаев.

Жас кезде М.Мақатаевтың, Т.Айбергеновтың, Қ.Мырзалиетың, Т.Молдағалиевтың өнімдерімен сусындар өсіп едім. Соның ішінде Мұхтар ағаның өлеңдері ерекше мəнімен намысыңды қозғап, өзгеше əсер қалдыратын. Керемет. Сізді жерлес ретінде ғана емес ақын ретінде де қатты силаймын .

Балерке

Мұхтар ағаның жырларын жаттағаныма бірнеше жыл болды.Есімін есітсем арқам қозып аузым күбірлеп қоя берем.Рухты көтеру үшін баршаға айтарым Мұхтар ағаның жырын əсіресе ауыз толтырып айтатын Отырарды оқу қажет.Сенімсіздік,сатқындық,құрметсіздікті,жауыздықты жоюға көмектеседі.

Пікір қалдырыңыз

Жігіттің екі сипаты

  • 2
  • 11

Марсқа
Кім қайратты
Кім кімге асқар тұлға,
Мүмкін бе екен тағдырдан бас тартуға?

Толық

Тарысы бар аймақтың

  • 2
  • 1

Даттайды екен бір кінәңді ел білсе,
Бірақ ол да келген қайғы уақытсыз.
Қызғанышы ізгілігін сөндірсе –
Нақ сол адам бақытсыз.

Толық

Ерлер достығы

  • 0
  • 0

Қанаттыны қарынды
Жеңген заманда,
Сендей жаны дарынды
Серік табам ба?

Толық

Қарап көріңіз