Өлең, жыр, ақындар

Туған елім

  • 17.10.2015
  • 0
  • 8
  • 21412
Менде сөйлер сөз болса –
Өзің берген сөзің ғой!
Менде көрер көз болса –
Өзің берген көзің ғой!

Шаттық құшқан шеруде,
Күйді өтерген өзің ғой!
Қиындықты жеңуге
Үйреткен де өзің ғой!

Толқығанда сезім –ой,
Әппақ арым, тілегім.
Туған елім өзің ғой –
Арқа сүйер тірегім!

Туған елім, өзіңнің,
Жазираңды кездірдің.
Жайма –шуақ кезімнің,
Рахатын сездірдің!

Туған елім – гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін –
Лүпілдеген жүрегім!



Пікірлер (8)

алия

недеген керемет олендер айналайын ау

алия

недеген керемет олендер

Қажымұқанқызы Әдина

Бәкір Тәжібаевтің өлеңдері ұнайды.

Құралай

Керемет

Aruka

күшті маған қатты ұнады

Aruka

өтінемін маған туған елге жерге арналған өлее жолдарн тауп бересіздер ма 7сыныпқа лайықты болса

Райханов Азамат

Керемет

Аманова

Бұл менің ауылымнан шыққан ақын осы кісімен біз мақтанамыз мына кәдірқұл бұлағы менің үлкен атамның бұлағы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер