Өлең, жыр, ақындар

Кешір, қалқам

  • 05.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1081
Кешір, қалқам!
Ағаң бүгін мас тағы,
Аяқталған әңгімесін бастады.
Қасіретін...
Қуанышын...
Ездігін...
Ішіп-ішіп, ішіп-ішіп тастады.
Біріншісін ішті, әрине, сізге арнап,
Өзегінде жанып жатты мұз лаулап.
Екіншісін ішкенімде сезіндім,
Кеткендігін сайқал уақыт бізді алдап.
Үшіншісін, төртін, бесін... жетіні,
Іше бердім...
Іше бердім...
Не түбі...
Жеңілдемей жүрегімнің қайғысы,
Бүтінделмей пиаламның кетігі.
Ішпейсің деп көңілімді жүдетпе,
Басқа өкпеге ұқсамайды бұл өкпе...
Миым тоқтап қалды, қалқам, сүйінші,
Ми тоқтаса еркіндік қой жүрекке!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шұғылалы нұрға бөлеп ақпанның

  • 0
  • 0

Шұғылалы нұрға бөлеп ақпанның,
Мұз үстінде сарқыларын төзімнің,
Оттан ыстық болатынын ақ қардың,
Қыста жылы болатынын сезімнің...

Толық

Сәлем айтпай не самалмен, не хатпен

  • 0
  • 0

Сәлем айтпай не самалмен, не хатпен,
Жындандырып бітіргесің мені әбден.
Өкіндім ғой, ол жақта да өзің жоқ,
Өкіндірмей өлсем деп ем сені, әттең.

Толық

Ақбастаудың тұмасындай шымырлап

  • 0
  • 0

Ақбастаудың тұмасындай шымырлап,
Тамырымнан қайнап шығып мың ырғақ.
Жыр оқыдым жапырақтың тілінде,
Қоңыр түннің құлағына сыбырлап.

Толық

Қарап көріңіз