Өлең, жыр, ақындар

Анашым

Күннен сұлу, айдан әсем анашым,
Даналығы тапқан бойда жарасым.
Дүниеде ешкім сізге жетпейді,
Адамзаттың ішіндегі дарасың.

Құтты болсын бүгінгі 60 жасыңыз,
Құдай қолдап 100 жастан да асыңыз.
Ешқашанда жүзіңе әжім түспесін,
Ағармасын самайдағы шашыңыз.

Сары Қаңлы руын бәрі таныған,
Сыр бойынан естіледі анық ән.
Кемеңгерлік, даналықпен бойыңа,
Кеңеспайдай атамыздан дарыған.

Тігіншілік өнер дарып тегіңнен,
Әжеміздің қаныменен берілген.
Ине, қайшы, жіп түспеді төріңнен,
Еңбек қана дара қылған еліңнен.

Немерелер үшін сізсіз күшті адам,
Тәрбие мен өнерді тең ұстаған.
Үлгісі ғой әке менен ананың,
Үмітіңді ақтап жатса үш балаң.

Сізге әрдайым дайын біздің төріміз,
Тек жақсылық көретұғын жөніңіз.
Әлемдегі жақсылықтың барлығын,
Әкемізбен бірге әрқашан көріңіз.

Мейіріміңді ұрпағыңа төккізсін,
Ғұмырыңды шын бақытпен өткізсін,
Тілеріміз аманшылық тек қана,
Шөбереңді көруге Алла жеткізсін!



Пікірлер (1)

сымбат

оте жаксы адеми жазылган

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз