Өлең, жыр, ақындар

Көктемнің бұлттары

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 551
Бір жұтым суға, шөлдеген қан тамыр сынды,
Аспанды ары итерген, Хантәңір сынды.
Кім түсінеді, ей, бұлттар, жерге ынтық сенің,
Бір сәтке дамыл алмаған арпалысыңды?

Бақтардан, таудан, өзеннен, қыр-белестерден,
Құстардан, аңнан, жануар, үндеместерден…
Аспанға қарай жауатын «Рахмет!»сөзі,
Оларға бұлай айтуға кім кеңес берген?!

Алыстап кетпей, от шардың тартылысынан,
Жан бітіп, мың бір сәуленің шарпылысынан.
Күнге «алғыс», бұлтқа ұшатын «рахмет» сөзі,
Көктем оятқан тірліктің әр тынысынан.

Бұлағай шақтар, тең келмес басқа күндерім,
Орманда құс боп сайрадым,бақта гүлдедім.
Бұлттаған шақтың көл-көсір ырыздығы бар,
Бұл бұла сәтке өкпе артпа, аспаным менің!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен мен үшін өлген күн

  • 0
  • 0

Болды ақыры сен мен үшін өлген күн,
Тағдыр дейтін төрешіге көнген күн.
Өзі отырған үй орнына жерленген,
Жамбыл сынды жүрегіме жерлендің.

Толық

Жүрек тас

  • 0
  • 0

Біздің ауыл аңыздардың мекені,
Біз білмейтін құпиясы жетеді.
Дөңгеленіп тау қоршаған жан-жағын,
Іргесінен өзен ағып өтеді.

Толық

Алтайдың аязы

  • 0
  • 0

Алтайдың аязы рақат маған,
Шымшыған түрінен рақат табам.
Шымшиды мені келмедің ғой деп,
Мен бұртиямын ермедің ғой деп.

Толық

Қарап көріңіз