Өлең, жыр, ақындар

Таулар таулар

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 530
Бергі таулар менің биік талғамым,
Жетпегендер шайнайтұғын бармағын.
Жеткізбеймін қол жетім жер тұрсам да,
Өткізбейтін ағысы бар арнамын.

Таудан төмен құлап жатқан белестер,
Сағым болып артта қалған елестер.
Менің мұңлы шақтарымдай монтиып,
Ойға батып жатып қалған дөңестер.

Таудан ары шөгіп жатқан тұмандар,
Арылмайтын күдік пенен күмәндар.
Алып шығып көп күдіктің ішінен,
Мені алға жетелейтін бір ән бар.

Арғы таулар жеткізбеген арманым,
Жетемін деп құлашымды қармадым.
Ақша бұлттың құшағында қап қойған,
Арғы тауға тек жырымды арнадым.

Көрінбейді биік таудың төбесі,
Елжіресе сөгіледі көбесі.
Ешкімменен шаруасы жоқ сол тауға,
Жұрттың бәрі көз тігеді неге осы?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайығ едім тік өскен

  • 0
  • 0

Көздеріңе қарасам мейір көрем,
Разы боп өмірге пейілденем.
Қайың едім тік өскен, сен толқын ең,
Жас қайыңды өзіне бейімдеген.

Толық

Кешірдім бәрін кешірдім...

  • 0
  • 0

Жоғалды десем, бар екенсің ғой,
Оқыстан тауып алғаным.
Біреуге жақсы жар екенсің ғой.
Орындалды ма арманың?

Толық

Періште оймен

  • 0
  • 0

Басқа бір жаққа беттегем,
Іздесең сонан табылам.
Пенде боп сені жек көрем,
Періште оймен сағынам.

Толық

Қарап көріңіз