Өлең, жыр, ақындар

Қабарған бұлт - Қарқаралым

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 869
Қабарған бұлт - Қарқаралым,
Қансыраған кәрі шың!
Құрлықтағы қарт аралым,
Сен Абылдың зарысың!

Сен Мәдидің әнісің де,
Жасановтың күлкісі.
Менің жаным шыңғырады тән ішінде,
Сана ішінде бір кісі.

Көлдерімнен сорды көрсең,
Ол да адамның сорасы!
Тірі аруақ болдық өңшең,
Өркениет – адамзаттың моласы!

Заманақыр келді білем,
Құл сабады Төресін!
Мәди жатқан жер түбінен,
Мәді* шығады, көресің!

*Ақырзаман келгенде көктен Иса, жерден Мәді шығады. Мәдһи, Мәди, Мәді – арабша дұрыс жолға бастаушы, Алланың жолымен алып жүруші деген мағына береді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Уа, Кент тауы

  • 0
  • 0

Уа, Кент тауы,
Қара-Шордың құтты мекені,
Ұлдары бұдырайған торсық шекелі.
Қыздары – Хиуадағы қызыл базардың,

Толық

Әмірхан Балқыбектің рухына

  • 0
  • 0

Ей, адамдар, содан қалған отты ізде,
Ондай сері қалмады енді көк-түзде.
Бөрі болсаң ит ғұмырды кешуден,
Өткен азап жоқ бізде!

Толық

Қарқаралы

  • 0
  • 0

Қарқаралы,
Қазылық,
Шөккен нарым,
Қара орманым – тау киген шекпен қалың.

Толық

Қарап көріңіз