Өлең, жыр, ақындар

Айна мен маймыл

  • 28.03.2015
  • 1
  • 25
  • 87692
Айнаның қарсы алдына Маймыл барып,
Айнада өз суретін көре салып,
Аюға жанындағы күліп айтты,
Ақырын аяғымен түртіп қалып:
«Бері қара!
Бұ кім өзі мынау перің?
Білмеймін қайдан шыққан мұндай көрім?
Он екі мүшесінің бірі оңды емес,
Көз салып қарап тұрсам әрбір жерін.
Мен бұған титтей ғана ұқсас болсам,
Ішіме пышақ салып өлер едім.
Ол рас бесеу-алтау бар екені
Кейіпсіз нақ осындай бөлелерім».
«Маймылжан, біраз ғана етсең төзім,
Менің бар жалғыз ауыз айтар сөзім:
Әуре боп бөлелерің санағанша,
Абайлап қарашы әуел өзіңе өзің!»
Аюдың бір ақылы айтқан досқа,
Бір жүріп, бірге тұрған көңіл қосқа,
«Алды жөн адасқанның» деген сөз ғой,
Тыңдаусыз, құр далада қалды босқа.

* * *
Мысалы, адам - Маймыл, өлең -
Өлеңді түсінгенге бар көп пайда.
Айтылған өлеңдегі мінін көріп,
Түзейтін мінез-құлқын адам қайда?
Айна,
Біреудің мінін айтса өлеңшілер,
Мәз болып, тыңдағандар қарқ-қарқ күлер.
Болса да нақ со міндер өз басында,
Деп айтар: «Секілді екен пәленшелер».
Мен талай көргенім бар осындайды,
Өз мінін кім аңғарып, абайлайды?
Мәселен, бидің жеген парасын айт, -
Көрсетер, көзін қысып, ауылнайды.



Пікірлер (25)

Аружан

Рахмет керемет

Аlem

Керемет мен жаттап алыдым керемет оле

Миргул

өте керемет рахмет

Райымбек

Олеееее мен барин жаттап алдым кееереееемееет!!!

аружан

Магынасы кандай

Айна

Өлең адамның мінез-құлқы жайлы. Кей адамдар басқа адамдардың мінін көріп сөз қылады да, өздерінің кемшіліктерін көрмейді. Өлең жолдарында ондай адамдар маймылға теңеліп мысал ретінде жазылған.

жанерке

Оте кушты

Димаш Сатыбалды

Рахмет, көп сіздерге

Бекжан

Оте керемт

Мендибаев Гибрат

Оте кушти.Маган унады.Конилимнен шыкты.:-D:-)B-)

жанеркем

керемет

Назерке

сіздерге көп рахмет! Маған дәл осы мысал керек болып тұр еді!

Мархабат

Бұл маған унады бұл маған жарысқа көмектесті

Айгуль

Рахмет!!!Тамаша!!!????

Адема

Кырык мысал кытабы маган катты унады

назима

өте керемет

Динарамын

Баска шығармалары жокпа?

Әсемай

Динара, Автордың есіміне немесе суретіне басса өте көп

Динара

Керемет

МАХФУЗА

ҚАТТЫ ҰНАДЫ КЕРЕМЕТ ЖАҚСЫ

Файзолла Дарина❤

Өте керемет бәрі толық және нақты айтқан көп көп рахмет

Мөлдір

Өте керемет

Медер

Тема

Қ.Кәусәр

Өте тамаша мысал екен.

Пікір қалдырыңыз

Тарту

  • 1
  • 9

Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?!

Толық

Оқуға шақыру

  • 1
  • 22

Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!

Толық

Жадовскаядан

  • 1
  • 3

Мінсіз таза меруерт
Су түбінде жатады.
Мінсіз таза асыл сөз
Ой түбінде жатады.

Толық

Қарап көріңіз