Өлең, жыр, ақындар

Жеңіс күні

  • 23.11.2020
  • 0
  • 0
  • 934
Жеңіс күні көрмедім тайсалғанды,
Алақайлап жуас та қайсарланды.
Кедір­бұдыр сөйлейтін бригадир де
Кешегіден біртүрлі байсалданды.
Бұрылмайтын аса көп сәлемдесіп,
Басқарма да жұмсарды әлемдесіп.
Қарттар да оған кешірді төрт жылдағы
Жүрген ісін сыртынан «пәлен...» десіп.
Тек бір шалда өзгеше жария бар,
Сақал­мұрты тоғайдай қар ұялар.
Үш ұлының оққа ұшқан қасіретінен
Көкірегінде көлкіген дария бар.
Анамда да бар менің біраз күдік,
Қуанышта реніш тұрар бүгіп.
«Қара қағаз» дегенге төрт қарады,
Той жасады жасырын жылап жүріп.
Сол қағазға бар сырын айтып қана,
Сандығына салмады қайтып қана.
Қамзолының жүрді жан қалтасында,
Бар жиһаздан үйдегі артықтана.
Жанға батқан елемей жара­дертті,
Үлгі болды бұзбауға ана сертті:
Көз жұмарда ақырғы тілегі еді,
Сол қағазды өзімен ала кетті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы жұрт Шарбақкөлді біле ме екен?

  • 0
  • 0

Сұлу жер Омбыдағы Шарбақкөлім,
Сәт сапар бір көруге арнап та едім.
Мың алғыс атақты інім Жәнібекке,
Ойымды тапты әдейілеп бармақ менің.

Толық

Бурабайдың қара нары екенсің

  • 0
  • 0

Ескісі өтіп,
Қанат жайса тың ғасыр,
Қайырлы інім,
Елді емдегіш мырзасың.

Толық

Ұйқысыз түннің өлеңі

  • 0
  • 0

Жарық жоқ. Ұйқы қашқаны...
Ауыр түс қалды жадымда.
Сағаттың тық­тық басқаны,
Зарлап тұр жалғыз маңымда.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар