Өлең, жыр, ақындар

Асығып жүр жайлауға

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 497
Ең алғашқы иiрiм,
Ең алғашқы жауында
Ақбоз айғыр үйiрiн
Айдап келдi ауылға.
«Ал, алдынан шығыңдар», –
Деп тұр қария Байбақты.
Күзде кеткен құлындар
Терлiк салар тай бопты.
Жүгiрiстi жылқыға,
Бiрiн-бiрi жұрт ертiп.
Тұмса туған қулықтың
Екi емшегi тұр тертiп.
Шопан жiгiт асығыс,
Жұмысы жоқ басқамен.
Керегенiң көздерiн
Тартып жатыр таспамен.
Қаз, үйректi қоса атып,
Көл жағалап жүр атам.
Арқа-басын босатып,
Күлде жатыр бір атан.
Ішкен асың татыр ма,
Бұл ауылға келмей гөр.
Сүр жайып жүр шатырға
Сары қарын жеңгейлер.
Сары қымызды күткендер
Құмар бие байлауға.
Қыз-бозбала бiткендер
Асығып жүр жайлауға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өнерге зергер хас адам

  • 0
  • 0

Өнерге зергер хас адам
Тастан да мүсiн қашаған.
Қанжарды ойлап таппастан,
Кесенi бұрын жасаған.

Толық

Жайлауда

  • 0
  • 0

Бозбала босағада байлаулы аттай,
Қан-құрыш қазанында қайнау таппай.
Бойжеткен ұядағы балапандай,
Талпынып ұша алмайды, жайлау жатпай.

Толық

Жез даңқы

  • 0
  • 0

Тарихтан сұра, не елден,
Сарыарқа деген ежелден
Асу да асу бел екен,
Байлығы шалқар көл екен.

Толық

Қарап көріңіз