Өлең, жыр, ақындар

Әнші болсаң, шыдаңдар...

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 491
Әнші болсаң, шыдаңдар,
Айтылады бесiк жыр.
Небір сұлу сылаңдар
Шақырылған десiп жүр.
Талант бар ма тежелген,
Сөйлейдi онда шаңқобыз.
Той болған соң, ежелден
Тiгiледi сан тоғыз.
Шабан мiнген қор болар,
Қыз қуады жiгiттер
Жарысады жорғалар,
Үмiткер көп, үмiткер.
Жарасады жарқылдап
Жүйрiктердiң үстiне ер.
Жұрт қол соқса қарқылдап,
Күреседi күштiлер.
Ұзын сөздiң жүйесi –
Той бар дейдi далада.
Шаңырақтың иесi –
Жаңа туған балаға.
Жата алмаймын ендеше,
Жатқызбайды желiгiм.
Өмiр қайтып келмесе,
Халатыңды ал, келiнiм.
Кетем қазiр ауылға
Мен даланы сүйiп ем.
Шыдағанмен дауылға,
Қуанышқа иiлем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арқаның ақ бораны

  • 0
  • 0

Айналама кеткендей асып әнiм,
Сол бiр сәтте кеудемде тасып ағын,
Жапалақтап ақ ұлпа түскен сайын
Ақ боранды көргенше асығамын.

Толық

Қызыл гүл

  • 0
  • 0

Сұлулардың сымбатын мөлдiретiп,
Махаббатты келемiн мен жыр етiп.
Қара көздер қоя ма, кезiккенде
Жiбередi жүректi елжiретiп.

Толық

Жайлауда

  • 0
  • 0

Бозбала босағада байлаулы аттай,
Қан-құрыш қазанында қайнау таппай.
Бойжеткен ұядағы балапандай,
Талпынып ұша алмайды, жайлау жатпай.

Толық

Қарап көріңіз