Өлең, жыр, ақындар

Жеңіс күні

Жеңіс күнің құтты болсын қазағым,
Тойлаудасын мерекеңді ғажабың.
Тату тәтті өмір сүріп келе жатсың,
Ұзағынан сүйіндірсін қазағым.

Алғыс айтам шын жүректен батырларға,
Алғыс айтам шын жүректен Даналарға.
Батырлардың болғанына шүкір етем,
Даналардың көрсеткен жолдарына.

Мәншүк, Әлия, Бауыржандай батырлардың,
Ел тұғырын көтеру армандарын.
Қазақ жерін жаулардан сақтап қалды,
Туын көкке самғатып мақтанатын .

Елді қорғап жан аямай күшін салды.
Жеңіс деп әнұран мен әнін салды.
Қазақ туын желбіретіп көк аспанға,
Жеңістің әнұранын бірге салды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз