Өлең, жыр, ақындар

Сіңіліме

Әр күнменен гүлденіп, өсіп келесің,
Әлі талай алдыда ғой асулар мен белесің.
Періштедей, ақ сезіммен бақыт сыйлап жандарға,
Жарқыраған күндей болып нұрын шашып жүресің.

Бүгін, міне, алты жастың төріндесің аяулым,
Бақытты бол, көңіліңе түспесін еш қаяу, мұң.
Ата-анаңның қуанышы, бауырлардың еркесі,
Тілегім сол еш қайғысыз, өмірің болсын баянды.

Бұл өмірде баға жетпес сенсің менің алтыным,
Еркелеген наз қылығың жанға шипа, бал шырын.
Сенің күлкің ұмыттырар қиындығын өмірдің,
Мінезің бар баурап алар әр адамның көңілін.

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
1 курс студенті: Ержанқызы Назерке



Пікірлер (1)

Айсана

Ұнады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз