Өлең, жыр, ақындар

Болама адамға сөз беруге?

Бірақ ,бәрі бірдей емес қашанда,
Адал емес жақсы деген адам да.
Ондайлардан сөз бергенін күткенше,
Барып,өзің сол уәдені орында.

Болама үнемі сөзге еріп жүруге?
Басқалардың артынан жәй еруге,
Ақылдарын тыңдап әркез олардың,
Осы өмірге жәй кеп қайта кетуге?

Болмайтынын сенде менде білеміз,
Бірақ әлі қол қусырып жүреміз.
Мойымасақ сындарына өзгенің,
Болашақта биік жерді кеземіз.

Болама жұрт мінінше өзгеруге?
Талаптарын орындап ылғи беруге.
Ойларынан олардың шығамын деп,
Өміріңді солар үшін сүруге?

Өзгерсең өзгерші тек өзің үшін,
Болашағың,мақсатың,арман үшін.
Бәрі жалғыз сенің ғана қолыңда,
Сол үшінде алға ұмтыл қамықпа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз