Өлең, жыр, ақындар

Арман


Өзіңді сен бүгін,ертең қинасаң,
Берілмей алға ұмтыла бастасаң.
Бақытыңды іздегенше алыстан,
Арманыңа қол созсаңшы жақыннан.

Оңай жолмен жете алмайсың арманға,
Еңбектеніп,тер төкпесен алайда.
Құлақ түріп,мені егер тыңдасаң,
Басқалардан биіктейсің әрқашан.

Бастаған соң,арманыңды тастама,
Алаңдаумен артқа енді қарама.
Жарқын күндер күтіп тұр ғой сені алда,
Тек алдыға қадамдаудан шаршама.

Бақ пен шаттық болсын сенің жолдасың,
Бір жаратқан мына бізді қолдасын!
Басымызға бұйырған бақ кетпесін,
Біздер жаққан мына жалын өшпесін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз