Өлең, жыр, ақындар

Жан Ата

Ақ сақал көрсем , бейнесі келер атамның,
Есімде әлі өзіңнен өлмес бата алдым.
Туыңды жыкпай тапсырып кеткен ұрпаққа.
Ақ таңың болып, арайлап менде атармын.
Умытам қалай ? ерекше жақсы көруші ең,
Өзгеден бұрын, өзіме ғана сенуші ең.
Түсіме жиі енеді Ата әз бейнең
Жабырқап келіп,талықсып жатып көз ілсем.
Тұяғы сен деп, айтушы ең маған тектінің,
Мұқалмасын деп, тілеуші едің екпінің.
Сақта деп әр кез айтушы ең, ар мен намысты.
Қараңғылыгын кайталама деп ескінің.
Ақсақал , Абыз сыр толы заңғар белесім,
Қамықкан кезде көрінер көзге елесің,
Енесін іздеп, ел кезіп кетті құлының,
Кеттің ау сен де келместің мініп кемесін.
Жаңылмай жүрген Пайғамбар салған жолменен,
Қызыкпай шіркін жатсада жақұт көлденең.
Жан едің әттең Алладан ғана тілеген,
Пенделік жасап, сөзіне жұрттың ермеген.
Сағындым ата, асқардан биік тұлғаңды,
Сағындым ата, өзіңмен өткен жылдарды.
Ақ сақал көрсем,батасын алғым келеді
Бүгінде бірақ ақсақал болып кім қалды?



Пікірлер (3)

Мерей

Тамаша, керемет

Шолпан

Тамаша күшті

Шолпан

Керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз