Өлең, жыр, ақындар

Қазағым

Айта берсең, жалғанның жазығы көп,

Кей кездері тұнық ойға тұнып тұрам,
Тарихтың тәлімі көп сыр ұқтырған.
Қаншама қан мен тердің жемісі ме?
Жастарың тым бақытты, сауық құрған.

Жайдарлы бұл заманның тірегіміз,
Біз осы нені байқап, не көргенбіз?!
Қан майдан жан жағыңды жұлмаласа,
Сол болар, қилы заман дегеніміз.

Дегенмен, бар қазағым, бақыттысың,
Тарихқа бір үңіліп, бағып түсін.
Сексен алты, ұл-қызыңның зарлағаны,
Туыңды тік ұстауға бағыт болсын.

Жігіттерің, намыссыз көз болмасын,
Жап жас қызың, таба асты сөз болмасын,
Ашынып, ашылып бір айтарым көп,
Бүгінгінің жанары біз болғасын!

Жазуым керек болса, жаза берем,
Бұл тағдырдың тартуы маған деген.
Айта берсең, жалғанның жазығы көп,
Қазағымның бейнесі - қара өлең!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар