Өлең, жыр, ақындар

Заман ағымы

Қазір заман неге қатты өзгерді,
Адамдар ше?! Неге олай істеді?!
Бұрынғыдай адамдар жоқ ойлаған,
Әрқайсысы өз-өзімен жүреді.

Балалар ше?! Бұрын улап-шулаған,
Қазір отыр телефонға байланған.
Оған назар аудармайды ешкім де,
Ойнамайды, тек тыныштық жайлаған.

Телефон ба, адамдарды улаған,
Телефонсыз адам жоқ бұл жалғанда.
Тәуелділік күннен күнге артуда,
Адамдарды жанарынан айырған .

Айтарым сол, барша жанға тыңдаған,
Адамдар денсаулықты ойлаңдар!
Денсаулық қой адамдағы бір байлық,
Бұл өмірде бұның бәрі құр жалған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз