Өлең, жыр, ақындар

Біз жастар ертеңге сенеміз!

Біз жастар ертеңге сенеміз!
Біз жастар ертеңге сенеміз,
Білімнің жемісін тереміз.
Ғанидың жалғасы біздерміз,
Бақыттан жасалған кемеміз.

Бірлік пен ынтымақ ұйысқан,
Сыр елі аймағы-Гүлстан!
Жаңалық жаршысы жастармыз,
Мықтымыз құйылған құрыштан.

Өнер мен білімге құштармыз,
Ақ таңын шаттықтың құшканбыз.
Өркендеп еліміз қарыштап,
Ғарышқа көз тігіп ұшқанбыз.

Қайтадан жаңғырып санамыз,
Салтпенен, дәстүрмен жаңамыз.
Жастар деп болашақ иесі,
Аманат еткен ғой бабамыз!

Төл тілдің жұлдызын жағамыз,
Қазақша әнге де саламыз
Рухын елімнің биік қыл,
Деп айтқан Абайдай данамыз!

Жастармыз болашақ қыраны,
Отанды қорғаймыз қырағы.
Ұлтжанды ұрпаққа дем берген,
Қазақтың киелі ұраны!

Бабалар даңқын біз жалғаймыз,
Қырандай биікке самғаймыз.
Осынау жүректің ән-жырын,
Туған жер өзіңе арнаймыз!

Қарасай Аружан Ержанқызы,
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар
және Әлем Тілдері Университетінің Журналистика Факультетінің



Пікірлер (3)

Тайбасар Ақтоты

Керемет өлең екен!

Myrza

Өте керемет!

Хафиз

рахмет керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз