Өлең, жыр, ақындар

Жаз жаршысы

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 583
Толықсыған көктем таңы,
Жатыр әлем нұрға бөгіп.
Жылт-жылт етіп шық маржаны,
Күн де шықты шұғыла төгіп.
Мың құлпырып дала, міне,
Көк телегей толқып жатыр.
Иранбақтың лала гүлі,
Бір шөбіңе емес татыр.
Көкорай бел ұшқан түзде,
Жер қайысқан төрт түлік мал
Басын алар емес жерден –
Кең даланың шөбі де бал.
Сағым жуған сонау адыр,
Етегінде алып завод.
Шып-шып тершіп жатыр қазір,
Өңешінен шашып сан от.
Тамылжыған алтын Майым,
Сендей көркем өмір таңым.
Көңілім хош әр жыл сайын,
Оралғандай жастық шағым.
Оңтүстіктен қайтқан қаздың
Қанатынан леп еседі.
Лебі емес пе ерке жаздың
Көп ұзамай келесі енді.
Келсін көлбеп, сағынған жаз,
Ессін еркін ерке лебі.
Кәрі, жастың бәрі де мәз –
Жарқын жазым, сүйем сені!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қағады жігіт кақпаны

  • 0
  • 0

Қағады жігіт кақпаны,
Жұлқынады ит абалап.
Үйге бұл салған «аттаны»,
Келді деп ұры жағалап.

Толық

Асылып сен иығымнан

  • 0
  • 0

Асылып сен иығымнан,
Ішсең шампан, еркесің.
Күлемін мен миығымнан,
Шертіп сөздің келтесін.

Толық

Сәуле

  • 0
  • 0

Көрем дәйім алтын сәуле,
Өңімде де, түсімде.
Ойдағы ма, қалай әлде?
Жүрем бақтың ішінде.

Толық

Қарап көріңіз