Өлең, жыр, ақындар

Пожарный

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1012
Каскасын киіп басына,
Түсердей бейне шахтаға;
Жарағын түгел асына,
Пожарный тұр рахтада.
Қимылы ширақ, елгезек,
Бойында албырт жастық бар.
Команда да үздік, деп,
Мақтаса керек бастықтар.
Тілшіге дәртер алыс па,
Сүйкектетіп қаламын;
– Нормаңыз қалай, жарысты,
Газетке, – дейді, – жазамын.
Пожарный күліп, қысылып,
– Жазыңыз, – дейді, – онда сіз:
– Көрген жоқ быйыл өрт шығып,
Жарысып жүрмін нормасыз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кер дөнен

  • 0
  • 0

Жол ұзақ, бүлкілдей бер, кер дөненім,
Жағады жорға аяңмен тербегенің.
Шабар ем сары белден сағым қуып,
Жаныма батады тек терлегенің.

Толық

Ескерткіштің бәріне

  • 0
  • 0

Ескерткіштің бәріне
Әуестенгіш жолаушым,
Жолың түссе зәуіде,
Бұрылып бәлки соғарсың.

Толық

Асылып сен иығымнан

  • 0
  • 0

Асылып сен иығымнан,
Ішсең шампан, еркесің.
Күлемін мен миығымнан,
Шертіп сөздің келтесін.

Толық

Қарап көріңіз