Өлең, жыр, ақындар

Қағады жігіт кақпаны

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 845
Қағады жігіт кақпаны,
Жұлқынады ит абалап.
Үйге бұл салған «аттаны»,
Келді деп ұры жағалап.
Ах, азулы овчарка,
Танымай жүрсің ұрыңды.
Жарты ғасыр жас шарқы,
Ұрың бір сұм жырынды.
Көлікке-темір өңгертіп,
Көшемен сырғып өтерде,
Еркелеткенін жөн көріп,
Табаныңды көтерме.
Өз қожаң – сенің шын ұрың,
Белгісіз жолмен байыған.
Мойныңа салып шынжырын,
Сырғызған қарғы шайыдан.
Мінберге шықса шалқайып,
Қайыспен қарнын қынаған.
Жаттанды сөзбен қартайып,
Туынды сөзді сынаған.
Бәйбішесімен ерігіп,
Дачаға кетті ол таудағы.
Балдызы үйде зерігіп,
Аңсайды биді баудағы.
Балдызға сол хабарла:
Келіп тұр абзал әріптес.
Махаббат шайқар самалда
Жарасар жасқа сауық кеш.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жазыпсың хат өлеңмен

  • 0
  • 0

Жазыпсың хат өлеңмен
Сәбиі жырдың, шырағым!
Шыбықтай жаңқа көгерген
Бейкүнә сенің сұрағың.

Толық

Күзгі жапырақ

  • 0
  • 0

Қалтырап жерге қонады
Ағаштан әлсіз жапырақ;
Тентегі күздің тонады,
Құлазып қалды атырап...

Толық

Қыдырма

  • 0
  • 0

Соғамын туған жерге қайта-қайта,
Бір себеп бар, тіл білмес сырын айта.
Қыдырсам өзен бойлап, жапа-жалғыз,
Көреді онымды ерсі туған тайпа.

Толық

Қарап көріңіз