Өлең, жыр, ақындар

Ана хаты

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1028
Анаң пақыр сағынды бек
Шалғайдағы шырағын.
Дұғай-сәлем айтады көп
Сәби кезгі түрағың.
Оң қабағым тартса, тосып
Сені, көзім талады.
Сол қабағым тартса, шошып,
Көңіл күдік алады.
Жақсы-ақ едің жастайыңда,
Барша ауылға бауырмал.
Болғанда адам, бас қамың ба,
Іздегенің, тауып мал?
Напахамыз сенен көрген,
Өзіңе аян, шамалы.
Қайран дәме көлеңдеген,
Түсі сынып, налалы.
Әлгі өзіңмен құрдас түйдей,
Мырзағаның Ерманы.
Айғыр мініп астына үйдей,
Үйіріп жүр ферманы.
Елге балам, қайтсаң нетер, –
Көрім жуық байқұспын.
Өнерің де осы жетер,
Өзгелер-ақ айға ұшсын.
Анаң пақыр сағынды бек
Шалғайдағы шырағын.
Етеді үміт дарынды деп
Сәби кезгі тұрағың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шөлейт-шөлде, қараша үйде туыппын

  • 0
  • 0

Шөлейт-шөлде, қараша үйде туыппын,
Панасында кереге мен уықтың.
Тұңғыш рет пәк тәнімді жуыппын,
Сарша белде, соған мәңгі жуықпын.

Толық

Жол

  • 0
  • 0

Шеккен сапар керуендер,
Тізбектеліп таспа жолда.
Сыр берместен айналды жер,
Салды жұртты қасқа жолға.

Толық

Дауыл

  • 0
  • 0

Құшады мұнар, ышқынып теңіз,
Жағаға шыға келеді ойнап.
Толқынға төніп, шыңда тұр бір қыз,
Аққудай түнгі қанатын қомдап.

Толық

Қарап көріңіз