Өлең, жыр, ақындар

Сиқыр бұлақ, көз жауқарын аласың

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 491
Сиқыр бұлақ, көз жауқарын аласың,
Қайдан шықтың, қайда лағып барасың?
Сар даланың саурын тіліп таспадай,
Табиғатқа тұрсың беріп жарасым.
Тау суының тыңдап күйін сылқылдақ,
Орнаттың ба жағаңа саз былқылдақ?
Бір ғасырда бір-ақ туар дарындай,
Жапан түзде шықтың ба әлде бұрқылдап?
Шалқырсың ба қиыр асып, көл болып,
Кетерсің бе сіңіп құмға шөл болып;
Қауын-қарбыз сабағында шымырлап,
Жатырсың ба көгендеулі төл болып?
Жарың – ағын, жұмбақ жаһан – тұрағың,
Ессе самал, сыбдырлар тек құрағың.
Сылқылдаған күлкің жайлы құлаққа,
Қайсы өзеннің сіңлісі едің, шырағым?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Табиғат жұлдыздардан шашу шашып

  • 0
  • 0

Табиғат жұлдыздардан шашу шашып,
Шалғайдан Айды қойған көлеңдетіп.
Киініп жасыл киім болған ғашық
Жер шары өзендермен өлеңдетіп.

Толық

Қойшы перзенті

  • 0
  • 0

Шашып тұр күн шығыстан,
Арайлап таң атқанда аппақ.
Төрт түлік мал әрбір тұстан,
Шықты өріске өре қаптап.

Толық

Шақпақ

  • 0
  • 0

Ақ тасты соқтым мен ақ тасқа,
Шашырады ұшқыннан жұлдыздар.
Иреңдеді ширатылған мақта,
Қашты құйттай құндыздар.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар