Құр мен дуадақ шөлді біледі
- 0
- 1
Құр мен дуадақ шөлді біледі,
Қарға мен қүзғын елді біледі.
Ұятсызға бас пенен жамбас қойсаң,
Қорқау қасқыр секілді жеуді біледі.
Құр мен дуадақ шөлді біледі,
Қарға мен қүзғын елді біледі.
Ұятсызға бас пенен жамбас қойсаң,
Қорқау қасқыр секілді жеуді біледі.
Бақытыңа кез бопты долы қатын,
Мұны алған ер жанжалға молығатын,
Ұрысса бар адамды жеңбей қоймас,
Бір үй түгіл бір ауыл торығатын.
Жақсыны алыс, жаманды жақын көрме,
Жақсы атансаң, басқаның хақын жеме.
Жақсымын деп момынның малын жеме,
Жаман адам сол болар, мақұл деме.
жаңылдық
сіздерге көп рақмет сіздердің жазған өлеңдеріңізді жаттап соларды айтып көп бал жинап жеңіске жетіп рекорт жасадым
ЖАНАЙЫМ
керемет олен екен