Өлең, жыр, ақындар

Сағындым, жайық

  • 12.11.2015
  • 0
  • 4
  • 23162
Сағындым сені, Жайық, алма бақты,
Өткізгем өз бойыңда жастық шақты.
Сүюші ем төңкерілген толқыныңды.
Сылқылдап соғып жатқан жарқабақты.
Суыңа қармақ салып, ілгем талай
Күмістей жалтыраған ақ шабақты.
Елімнің, еркіндіктің ерке өзені.
Өзенсің өзегің кең марқабатты.
Сен десе елестейді туған жерім,
Көркейткен мөлдір суын жер бедерін,
Құрбымен, құрдастармен күліп-ойнап,
Желбегей желді түнде жүргендерім.
Жағаңда ойға шомып отырғаным.
Қиялдың кезек басып пернелерін.
Ең кемі, туған жердің топырағыда
Жүрегін толқытады жауынгердің.
Асынып аттанарда қару-жарақ,
Серт еткен ұландарын саған карап.
Толқының тіл қатқандай болды бізге:
«Жағамды жүрмесін, - деп жау аралап
Есінде жүрдің, Жайық, елеріңнің
Шапқанда атакаға сан «ұралап».
Сонда біз сен үшін де соғысқанбыз.
Ұшынан штыктардың қан сорғалап.



Пікірлер (4)

Өтешқали Әсел Мәлік қызы

Қазіргі заманда осындай ақындар жоқ-ау... Өзі өлсе де, шығармалары мәңгілікке. Мықты!!! Денені шымырлатады!!!

Фатима Біржанқызы

Өте керемет !

Аиым

Оте керемет

Аңсаған

Өте керемет өлең жолдары!!!!

Пікір қалдырыңыз

Байқоңыр баспалдақтары

  • 0
  • 0

Ассалаумағалайкүм, Исақұл қарт!
Түріңнен тұр даланың исі аңқып-ақ.
Күлкіңнен көрінеді күні өлкеңнің,
Дауысыңнан дабылдайды күй саңқылдап.

Толық

Қойнауында қапшағайдың

  • 0
  • 2

Баурайында бақша-баудың.
Тербеледі жаңа теңіз,
Жарқырайды аппақ айдын.
Сол айдынның ұлы өзегі

Толық

Жол туралы аңыз

  • 1
  • 4

Жеткізген бұл бір аңызды
Көктемнің жүйрік желі ме?
Тасқын ой қайдан ағызды,
Таратты кімдер еліме?

Толық

Қарап көріңіз