Азау, Азау дегенің

  • admin
  • 13.11.2015
  • 0
  • 10
  • 13961
Азау, Азау дегенің
Әл-Ғұсман паша жұрты екен,
Дін ісләмнің кірті екен.
Азаудың ер Доспамбет ағасы
Азаудың бір бұрышындай нарты екен!
Білейім мен жаман күн
Болатсыз қылыш кесерін,
Айналасы алты жылдың ішінде
Есақай, Қосай екі ұл
Азау билеп өсерін!
Қоғалы көлдер, қом сулар
Қоныстар қонған өкінбес.
Арыстандай екі бұтын алшайтып,
Арғымақ мінген өкінбес.
Кілең бұздай кілшейтіп,
Көбелер киген өкінбес.
Жұпарын қардай боратып,
Арулар құшқан өкінбес.
Торы төбел ат мініп,
Той тойлаған өкінбес.
Құрама шапшақ көп қымыз
Құйып ішкен өкінбес.
Екі арыстап жау шапса,
Оқ кылқандай шаншылса,
Қан жусандай егілсе,
Аққан судай төгілсе, Бетегелі
Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес!

Басқа да өлеңдері

Тоғай, тоғай, тоғай су

  • 0
  • 5

Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым, өкінбен.
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен.

Толық

Қалаға қабылан жаулар тигей ме

  • 0
  • 5

Қалаға қабылан жаулар тигей ме,
Қабырғадан дұспан жалдап жүргей ме,
Қатарланып, қарланып,
Қайран ер қарт күреңге мінгей ме!

Толық

Айнала бұлақ басы - Тең

  • 0
  • 8

Айнала бұлақ басы - Тең,
Азаулының Стамбұлдан несі кем?!
Азаулының Аймадет Ер Доспанбет ағаның
Хан ұлынан несі жоқ,

Толық

Пікірлер (10)

жадыра

Басқа өлеңдері бар ма?

Армангуль

Автордың атына(Доспамбет Жырау) басу керек

айдана

Тарихи сөздер тауып бберіңіздерші

Дильназ

Не мынау жазганды емс мулде баска шыгып тур.не оленнин аты жок не оленнин авторы жок

Мадина

Дильназ, соқырмысың? Азау, Азау дегенің және Доспамбет Жырау деп тұрған жоқ па?

Дильназ

Кешириниздер буны баска оленге жазайын деп едим мында шыгып кетипти

ТОҒЖАН

керемет маған керек еді

Жансая

жақсы өлеңдер екен

Іңкәр

Доспамбет жыраудың басқада жырлары бар ма? Бар болса жіберіңіздерші

Ғазиз

Автордың аты-жөніне немесе суретіне бассаң Доспамбет Жырау басқада жырларының тізімі ашылады

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)