Өлең, жыр, ақындар

Құттықтау

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2471
Қоздады, бүгін, қоздады,
Шабытты шаттық қозғады
Қаламның съезд иесі.
Толғаса толқи өтетін,
Қиялы көкке жететін,
Сөз біткеннің жүйесі.
Ақынды қозғап тербейтін,
Миллион сендер тергейтін,
Тарихта бұрын болмаған,
Адымын жауы алмаған,
Октябрь - сенің қамалың.
Басталды съезд мың күткен,
Терең сыр алыс сыр күткен
Өрісі ұзақ, айы алыс.
Социалды құрылысқа,
Көркем, күйлі тұрмысқа
Басталды ұлы аттаныс.
Өлмейтін мәңгі тарихта,
Сөнбейтін ізгі жарыста,
Қаламың, съезд, сақталад.
Жылан болсын у жұтқан,
У мен арам түн жұтқан,
Залым да сенен сақтанад?
Еңбекші таптың тілі сен,
Тілдің көркем гүлі сен,
Бұған да жұртың мақтанад.
Ендеше ал ендеше,
Міндетің сенің өзгеше,
Бұл съезде бәрін шеш!
Қателескен, қалысқан:
Қатесін қолдап қарысқан
Мінекей қатең мында дес;
Тілдердің тілін тербеткен,
Басында сөзді үйреткен,
Қалдырма қапы, толық көр!
Кемшілік тапсаң сының бер,
Өзгерсін мыңның мінезі.
Күтемін сенен көп күтем,
Көркемөнер күйлі сөз,
He күйге, әнге келмейтін,
Шәлдірік, шатпақ түзел тез!
Сағым киген көк дала,
Еңбекті колхоз көп дала,
Съезден ұлы сын күтед.
Күштерін күндей жүргізген,
Электр жұлдыз күлгізген,
Заводта сенен мың күтед.
Өрлеген, өскен өндіріс
Социалды құрылыс -
Талай күрес кешірген.
Күрсініп талай көміліп,
Қиыннан қиын көрініп,
Ақырда жауын өшірген.
Мінекей, съезд тіл керек,
Тіліңнен кесте гүл керек,
Ендеше бәрін шеш өзің.
Күйсіз көмек көрсетіп,
Тапсырып, талдап ес етіп,
Ал, қалам, серпіл, дес өзің!
Қоздады, бүгін қоздады,
Шабытты шаттық қозғады
Қаламның съезд иесі,
Толғаса толқын ететін,
Қиялы көкке жететін,
Сөз біткеннің жүйесі,
Жазушылар съезі!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бүгін

  • 0
  • 0

Күн бүгін күндегіден неге нұрлы,
Сөз бүгін неге әдемі, неге сырлы.
Сипаттап ел тұрмысын құйылды сөз,
Түйінді шешпек болып неше түрлі.

Толық

Өндіріс

  • 0
  • 0

Қарсақпай, Қарағанды, Риддерім,
Қайнаған кенге шөгіп ойы-қырың.
Алыста Ембі-нефті аққан мұнай,
Қоңырат, Нілдіменен бір көрнегім.

Толық

Назқоңыр

  • 0
  • 0

Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін,
Кел десең неге аяйын аттын терін,
Сары ағаш сазға біткен секілденіп,
Қай жерде отыр екен бұраң белім.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер