Өлең, жыр, ақындар

Жасасын қызыл болаттар

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2190
Жүйріктерін орғытқан,
Қиялардан қарғытқан,
Қызыл болат кім екен?
Атта жердей ойнаған,
Көздері оттай жайнаған
Бұлар кімнің ұлы екен?
Қызыл туын құлпыртып,
Дұспан сағын сындырып,
Теңдік биін билеген;
Жарақтарын жайнатып,
Шағылтып жалт-жұлт ойнатып.
Еңбек күйін күйлеген.
Бұлар біздің қызыл ер,
Қызыл әскер жауынгер
Еңбекшілер қыраны,
Еңбекшінің өз көзі,
Октябрьдің жұлдызы,
Тегісшіл, теңдік ұраны.
Дұспанын аяп көрмейтін,
Жауға жолын бермейтін.
Еңбекшінің ұланы,
Байға кегін кешпейтін,
Жеңбей жарақ шешпейтін,
Қызыл ер - таудың қыраны.
Қысылтаяң күн туса,
Нөсер құйса, оқ жауса,
Жалығып, қажып талмайтын
Арам құзғын ойларға
Қара жүрек байларға,
Наркескенін арнайтын.
Байлар қастың қамдаса
Қаны бұзық қайнаса,
Тап қорғауға дайын ол;
Кеңес елін қорғауға,
Өз сертінен таймауға,
Болаттан да берік ол.
Еңбекшілер дүниесін
Шын еңбектің иесін,
Жау қолына бермейтін,
Жасасын қызыл болаттар,
Біздің темір қанаттар,
Еңбегі мәңгі өлмейтін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұлы октябрь

  • 0
  • 0

Шабытым еркін келгенде,
Сөз билігін бергенде,
Ал жортақта қаламым,
Табиғат көркі өзіңде,

Толық

Қызыл әскер маршы

  • 0
  • 0

Біз арыстан - еңбекшілер қыраны,
Біздің ұран - лениншілдер ұраны,
Қаны қара жауыздарды қүртамыз,
Қызыл әскер - езілгендер қорғаны.

Толық

Заманымда

  • 0
  • 0

Түрлентемін ән шырқап заманымда,
Минут сайын алға өрлеп тұрғанымда
Жаңа тұрмыс, жаңа өмір аясында
Өлеңдетіп шаттанбай қаламын ба.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар