Өлең, жыр, ақындар

He айтам саған, жаным-ай

  • 24.11.2015
  • 0
  • 3
  • 16710
He айтам саған, жаным-ай, не айтам саған
Кете бердім жолменен шайтан салған.
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ».
Қиын екен қосылып, қайта аңсаған.
...Сен қалдың қадіріме жетпей менің,
Шын берілсең, қара үзіп кетпейді едім.
Сол сәттен көз алдымда қалғаны тек
Үстінде желбіреген көк көйлегің.
...Сонымен сен де кеттің, мен де кеттім,
Ойран-асыр көңілді жөндемек кім?
Кімді сүйсең оны сүй, бақытты бол!
Бірақ менің сүйгенім сен демекпін.
Мейлі күн, мейлі айлар, жылдар өтсін,
Өкініп, опық-жейтін мезгіл жетсін.
Шынайы саған деген махаббатым
Өміріңе қарыз боп бірге кетсін.



Пікірлер (3)

Гульназ

Маған өлеңдер ұнады, керемет жазылған

Мария Сарсенбайқызы

Өлеңдері керемет маған қатты ұнайды

Сабыр

Мұқағали Мақатаевтың He айтам саған, жаным-ай өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Анау - аспан, мынау - бақ

  • 1
  • 6

Анау - аспан, мынау - бақ,
Аспанда бұлт, бақ жадау.
Мамық ұшты, қылаулап,
Қыс та келіп қалған-ау.

Толық

Досыма!

  • 0
  • 3

Қамығып көңіл сарғайды,
Аласұра бір жүрек.
Өмір әлде алдайды,
Көз жетпейді, кім біледі..

Толық

Жоқ, дәрігер

  • 1
  • 27

Жүрегіме жүк артып жүргенімде,
Қажыдың ба, байғұсым, білмедім бе?
Шайпау тиіп, шаршатып кім көрінген,
Уландың ба, білмеймін кірледің бе?

Толық

Қарап көріңіз