Өлең, жыр, ақындар

Алатау

  • 24.11.2015
  • 1
  • 5
  • 16466
Алатау бұлт асырмай асқарынан,
Тұр қарап туған дала аспанынан.
Асылып Алатауға ай менен күн,
Жарқылдап шұғыла шашқан тастарынан.
Алға алып кең даласы - дастарханын,
Алатау - ашқандай той ақсақалым.
Жаңғыртып жер сарайын ән шырқаймыз,
Ту етіп туған халық жақсы атағын.
Құшақтап Қазақстан астанасын,
Алысқа, Алатауым, көз саласың.
Алатау - айдын дала қариясы
Көтерген төбесіне өз баласын.

1948.



Пікірлер (5)

Диана

Қасым Аманжоловтың "Қоштасу" өлеңі керемет

Алия

Маған Абай Құнанбайев

Алия

Абайдың балалық кезін көргым келеді

Алия

Тамаша

Аружан

Ушкыр ой

Пікір қалдырыңыз

Тоқта, жолдас!

  • 0
  • 0

Тоқта, жолдас!
Бұзба көше тәртібін.
Өткізе алмай
Өміріңнің артығын

Толық

Өркендей бер, Отаным

  • 1
  • 1

Даланы қара түнек басқан кезде,
Үстем боп алпауыттар, тасқан кезде,—
Саз беріп күншығыстан таң белгісі —
Дүниеге қызыл нұрын шашқан еді.

Толық

Сенің алма бағыңа...

  • 0
  • 0

Сенің алма бағыңа
Шыбық шаншып кетіп ем.
Алдағы өмір бағына
Соны белгі етіп ем.

Толық

Қарап көріңіз