Өлең, жыр, ақындар

Батырың өтті - Бөгенбай

  • 25.11.2015
  • 1
  • 5
  • 23459
Қазақтың ханы Абылай,
Абылай ханым, бұл қалай?
Ақиықты аспанға
Ұшпастай ғып торлады.
Құлағанға ұқсайды
Қазақтың қамал-қорғаны.
Қайғырмаңыз, ханзадам,
Айтпасыма болмады,
Батырың өтті - Бөгенбай!
Қиядан қиқу төгілсе,
Аттың басын тартпаған,
Қисапсыз қол көрінсе,
Қорқып жаудан қайтпаған,
Қазақ деген халқынан,
Батыр шыққан даңқынан,
Қарсыласқан асылдар
Қорғасындай балқыған,
Батырың өтті - Бөгенбай!
Бұтақты мүйіз бұғысы
Саласында жайылған,
Мылтық атқан мергені
Киігін қойдай қайырған,
Құланы құлындай тулаған,
Түлкісі иттей шулаған,
Қыс қыстайтын жеріңді
Аң етімен тау қылған,
Батырың өтті - Бөгенбай!
Асу салған тас бұзып
Тарбағатай белінен,
Қол қондырған қос тігіп
Бөрлі деген көлінен,
Қалмақты шапқан шулатып
Ақшәулінің өрінен,
Қоныс қылған найманға,
Бәрін қуып жерінен,
Батырың өтті - Бөгенбай!
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Қаз дауысты Қазыбек,
Шақшақұлы Жәнібек -
Ормандай көп Орта жүз,
Сондан шыққан төрт тірек.
Тұғыр болған сол еді
Сіздей төре сұңқарға.
Бәйгелі жерде бақ болған
Сіздей жүйрік тұлпарға.
Қайғырмаңыз, ханзадам,
Келмей тұр аузым айтарға,
Батырың өтті - Бөгенбай!
Еңбек қылған ел үшін,
Жауда кеткен кек үшін,
Қазақтың абырой-арына
Сарп қылған бар күшін,
Қайыры болсын халқыңа,
Сабыр қыл, ойла келмесін,
Қарияң келіп жылап тұр
Еңбегі сіңген ер үшін,
Батырың өтті - Бөгенбай!



Пікірлер (5)

Қуаныш Еспенбет Маратұлы

Бұл жыраулар қазақ тарихында аты алтын əріппен жазылған атақты жыраулар.Бұл жыраулар тек қана өлең жазып қана қоймай,ерлік істеріменде көзге түскен дер.

Акмал

Бұл өлеңдер маған қатты ұнады.оларды əр бір қазақ баласы оқуы тиіс!?

Акмал

Бұл өлеңдер маған қатты ұнады оларды əр бір қазақ баласы оқуы тиіс!?

Рамазан Өтебай

Акын керемет суреттеген

Нурай

Маған Бұқар жыраудікі керек еді.

Пікір қалдырыңыз

Алтын, күміс байда бар

  • 0
  • 1

Алтын, күміс байда бар,
Сақтаған орап бүлдемен.
Құйрығы бітеу қойда бар,
Қысы, жазы борланған.

Толық

Арам болған жиырма бес

  • 0
  • 1

Арам болған жиырма бес
Қызықты күндер қыздырған,
Асау талқан бұздырған.
Қызды ауылды көргенде

Толық

Өмірге тоймас адамзат

  • 0
  • 1

Аруды таңдап сүйсе де,
Алтынды үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,

Толық

Қарап көріңіз