Өлең, жыр, ақындар

Не жаман?

  • 25.11.2015
  • 1
  • 25
  • 26931
Біріншіден не жаман?
Білімсіз болған ұл жаман.
Екіншіде не жаман?
Ананың тілін алмаған,
Қасарысқан қыз жаман.
Үшіншіде не жаман?
Үш жерінен буғызып,
Көрге салған сол жаман.
Төртіншіде не жаман?
Төресін ғаділ бермеген,
Парақор болған би жаман.
Бесіншіден не жаман?
Бес уақыт намазың
Қаза болған – сол жаман.
Алтыншыда не жаман?
Алғашқы алған әйелің,
Көп ішінде кеңкілдеп,
Тіл алмаған сол жаман.
Жетіншіде не жаман?
Жеткіншекте оқ тиіп,
Жетпей қалсаң, сол жаман.
Сегізіншіде не жаман?
Серке санды ат мініп,
Сергелден болған жол жаман.
Тоғызыншыда не жаман?
Торғайдай болған бір басың
Топқа түскен сол жаман.
Оныншыда не жаман?
Оймақ ауыз, қиғаш қас,
Бір перзенттің жоғынан,
Мұңлық болған сол жаман.



Пікірлер (25)

Айдана

Алтыншыдан не жаман ?? Басқасын айтып жiберiнiзшi!)

Азамат

Айел турып, ер уй сыпырган, сол жаман

айбек

5-инши жаман калай

айбек

5 калай

Адиль

Үшіншіден не жаман?

Бақыт ақерке

10шыда не жаман түсініктіғып жіберіңізші

Ақерке

3де не жаман

Назерке

5-кайдаааа???

Сапашова камила

Өте керемет. Бірақ бес қайда

Санжар

Бырыншыден не жаман?

бакжан

5-кайда

Аяжан

Бес кайда

Сейлханов инабат

Жаксы программа екен

БЕЛГІСІЗ ЖАН

Төртіншіде не жаман

айжан

Өте керемет

Мерей

5 кайдаа

Əсел

Бесіншіден не жаман?
ҚААЙДААА?!

Құралай

Бес қай да

али

керемет екен, бирак 5кайда

Белгісіз жан

5 кайда

Аманғали

Бес уақыт намазың
Қаза болған – сол жаман.

Сабина

Оте керемет олен

Сабина

Бесиншиден не жаман?
бес уакыт намазын
Каза болса- сол жаман

Зұлқарнайын

Бесіншіден не жаман
Бақыты бастан айналып
Не қыларын білмесе
Бұл жалғанның жүзінде
Бəріненде сол жаман

Пікір қалдырыңыз

Көңіл айтуы

  • 0
  • 0

Ағузыбіллә тартуға,
Тіріге қайыр айтуға,
Орнына келдік жақсының,
Бәсі қымбат даңқтының.

Толық

Жайық деген жанды су

  • 0
  • 0

Жайық деген жанды су,
Көзі қара қанды су.
Біздің жүрген жеріміз
Күнде базар, күнде су.

Толық

Қаражан қызға

  • 0
  • 0

Отырған қарсы алдымда әдемі қыз,
Мөрлеген ақ қағаздай мәнеріңіз.
Қиғаш қас, оймақ ауыз, нәркес көзді –
Жалғанда жайнап тұрған әдемі жүз.

Толық

Қарап көріңіз