Өлең, жыр, ақындар

Болмайық төрт аяқты мал секілді

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2239
Болмайық төрт аяқты мал секілді,
Қуарған жапырақсыз тал секілді.
Бақшамдай жігіт адам көркейеді,
Ғылыммен сөз сөйлесе бал секілді.
Жаз шықты,бақшаларда бұлбұл сайрап,
Ашылып шашақтары, гүл-гүл жайнап.
Салалық сол бақшаға көзімізді,
Қойған жоқ қараңғыға бізді байлап.
Қар кетті,сулар ағып,мұздар еріп,
Бар Құда рахматын көптен беріп.
Киімсіз үйде отырған жетім бала
Жайылды ормандарға шешек теріп.
Жүгірді жас балалар жалаң аяқ,
Қосылды шұрқырасып әрбір саяқ.
Жан бар ма әрекетсіз, қараңызшы,
Жадырап жаз шыққанда жасыл бояқ.
Көз салып қараңдаршы әр тарапқа-
Дүниенің ашылғандай темір қақпа.
Сен де енді ілгері ұмтыл,әрекет қыл,
Талпынып, өнер үйрен мұндай шақта!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Замана туралы

  • 0
  • 1

Адамнан нағуа қалмас кәріп болмай,
Пақыр сыхаптына озып болмай.
Әуеті иа рыстыһыз, иа, хақарат,
Еріккен ердің қорын парық қылмай.

Толық

Екінші қымбат нәрсе-көңіл деген

  • 0
  • 0

....Екінші қымбат нәрсе-көңіл деген,
Көңілі бұзық адамнан түңіл деген.
Бұзыққа жер үстінен асты артық,
Болмаса көңіл таза кәміл деген.

Толық

Насихат сөздер

  • 0
  • 0

«Ең әуел керек нәрсе-иман!»- деген,
«Ақырет істеріне (ишларына) инан!»-деген.
«Құдай кешер! - дегенмен, іс бітпейді,
Иманшартын білмесе, айбан (айуан)!»- деген.

Толық

Қарап көріңіз