Өлең, жыр, ақындар

Үнсіз бағып

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1630
Ерте сүргін, Күн сүргін, кеші сүргін.
Басы жасыл болғанда , төсі күлгін.
Көрдім деп айта көрме, жалған, жалған.
Алдамшы ғұмырыңның несін сүрдім.
Сүйген жоқпын, өтірік күлтеленем.
Сүйейді, көзім жасын сүртеді емен.
Үнсіз бағып отырам жүрісіңді.
Үндесем ұшып кетеді үркек өлең.
Керегі не дедің бе гүлге тілдің?
Күлтілдеп несіне тіл күрметілдің?
Қайдан келдім, білместен қайда барам,
Сол сүргіннің ішінде сүйретілдім...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бар бояуым...

  • 0
  • 0

Алатаудың етегін мекендедім,
Қаңтар туса еліме кетем дедім.
Құзар шыңға шығып-ап дауыстаса
Балапанды алып-ақ кетер ме едің?

Толық

Сілкін - сілкін ой - сана!

  • 0
  • 0

Нені жолға қойса да,
Әр сәтіңді той сана!
Өзіңе өзің көмектес,
Сілкін-сілкін, ой-сана!

Толық

Туған дала, мен сенде...

  • 0
  • 0

...Не деп жүрмін мен өзі, Айға қолым созам ба?
Алыс-алыс жол соқты. Табаның тозар да.
Туған дала, мен сенде армансыз,
айналайын тозаңға...

Толық

Қарап көріңіз