Өлең, жыр, ақындар

Жолға шықсам

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1751
Жолға шықсам бір сезім баурайды ерек,
Баурайды ерек, бір елес талмай демеп.
Үзілген бір ырғақтар мазалайды,
Жол үстінде үзігін жалғай ма деп.
Жолға шықсам бір түрлі күй кешемін,
Жаңылардай ұмытып, күн де есебін.
Сен болғанда жанымда мүмкін мұнша,
Өңсіз, түссіз қалпымда жүрмес едім.
Жолдың бәрі көрініп жыр бастаған,
Елестейді сен болып бір басқа адам.
Біреулері секілді жақын туыс,
Енді бірі сияқты сырлас маған.
Жолға шықсам далаға телмірдім көп,
Жыр жазамын өзіңді сендіргім кеп.
Оралғанша сонан соң асығамын,
Қуантар деп күтемін, сен бір күн кеп.
Қуанғанда көрінер тас та өңді.
Биігіме салдың сен аспа жолды,
Сен болмасаң білмеймін, кетер ма едім,
Таңдап алып басқа жан, басқа жолды.
Бұла көңіл таба алмай көп тұрағын,
Бір ойларды бір ойға соқтырамын.
Жолға шықсам барлық жол тек өзіңмен
Жолықтырса , шіркін ай, деп тұрамын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлттар, мені биікке алып ұшшы...

  • 0
  • 0

Бұлттар, мені биікке алып ұшшы.
Өксік буды жүректі жалынышты.
Түпсіз көкке қараймын, қайда қоям
Тыншытпаған бір сәтке сағынышты.

Толық

Өлең мені іздеді

  • 0
  • 0

Күн көтеріп келе жатам кеудеме өлең мені іздеді
Көшелерді таңда кезіп күз демі
Жапыраққа шық тізгені.
Ерте оянып, ертегі айтып осылай

Толық

Түннің көзі

  • 0
  • 0

Қала оттары әлдене деп жымыңдап,
Шегінеді терезеге үңілсем.
Жерге жұлдыз құлағандай -жыпырлап,
Түнді үнсіз бақылаймын -түңілсем.

Толық

Қарап көріңіз