Өлең, жыр, ақындар

Бұлттан шыққан...

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2220
Таудан қалың тұман түсті.Тұман ба?
Шыбын жаным бөлек екен шығарда.
Бұлттан шыққан Күн де ащы.Сонан да
Көкке көзін қысып қарап тұрар ма?
Мұратыңа жеткізбейді мұң деген.
Көңілдерде көлеңке бар кірлеген.
Өзгелерге не үйретсін ділмәрсіп
Шын мәнінде өз өмірін сүрмеген.
Көзіне айтсам деп жүруші ем көлгірдің.
Көз ұшында жол соқтырды.Болдырдым.
Қадір білер, қасиеттім осының
Түбі қайыр боларына сендіргін!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бақыт күлсе есіктен...

  • 0
  • 0

Үндемей ме түн тылсым
Талмаусырап тұр қабақ.
Сағы дей ме бір сынсын,
Кетті ойларым - сырғанақ.

Толық

Өңменімнен итерді өмір мені

  • 0
  • 0

Өңменімнен итерді өмір мені.
Өтіп сен де барасың бұла дәурен.
Сіздікі де жай ғана көңіл ма еді?
Жапырағың жалғанбас жылағанмен.

Толық

Қайта-қайта нені жинай берем мен?

  • 0
  • 0

Қайта-қайта нені жинай берем мен?
Құстар анау жылы жаққа жөнелген.
Түсініксіз, кім келеді күбірлеп?
Үрей мені шақырады үңіл деп.

Толық

Қарап көріңіз