Өлең, жыр, ақындар

Жапырақ - ғұмыр

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2069
Бір сырым бар. Кімге айтып наз ғыламын?
Күлгін түсті күндерден жаз құрадым.
Жапырақ жеңіл күрсінді, білмегендей
Тағдыры үшін кімдерді жазғырарын.
Жапырақ-ғұмыр айтады сізге нені?
Бәлкім ол да бір бақыт іздеп еді?..
Жаңбыр жанның мұңайған кездеріндей,
Жібітем деп шаршаған мұз денені.
Жаз өтеді -пайымда, пайымдама.
Жаздан қалған жақсы елес -уайым ғана.
Жапырағын жұлқыған тентек желмен
Сәл жатырқап тілдесер қайың бала.
Гүл мүсінін жел бұзып, мұң шағылып,
Момын күзден шығар деп мұнша қылық
Ойламаған емен де күзге еріп
Кеткісі кеп , көктемді тұр сағынып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бәрі өткінші, тоқтамас, өмір-елес

  • 0
  • 0

Бәрі өткінші, тоқтамас, өмір-елес.
Несіне алдап кей-кейде желігеді ес.
Қымбатыңнан айырып, аяулыдан
Қуанатын алданып, жерің емес.

Толық

Мен биікке салып едім ұямды

  • 0
  • 0

Өлтіре алмайды мендегі ешкім қиялды.
Қиялымнан Күн де бүгін ұялды.
Ағаштарда тұрған ұя құстікі,
Мен биікке салып едім ұямды.

Толық

Құм іші қылған дүниеге

  • 0
  • 0

Сен құмды неге сүйдің мұңы ішінде?
Ән толы құмның іші-тірісің бе?
Әжесін - ән әлемін, әлдилеген,
Аузынан тастамады ол тірісінде.

Толық

Қарап көріңіз