Өлең, жыр, ақындар

Желтоқсан. Тәуелсіздік

  • 25.11.2015
  • 0
  • 2
  • 13439
Бұл өмірді қайтадан дәл осылай сүрер ме ең?
Қазақ болсаң қасіретімді біле бер.
Ол алаңға шығып кетті сол күні
Отаршылдық азарынан жүдеген
Көңілмен.
Елін сүю ерлер үшін жаман ба,
Түсірер деп кім ойлады аранға.
Қыз да тұрды кірпік қақпай күзетте
Желтоқсанда, Алматыда алаңда
Сеніммен.
Тірлігіңнің кетеуін көр кетілген,
Ұрып-соғып алып жатты шетіңнен,
Отын алмақ көзіндегі ұрпақтың
Махамбеттің жырын оқып жетілген.
Бекінген.

* * *
Адал сүт емген ардағым,
Мазаққа бермей шаңырағын.
Ауыр да жолды таңдадың.
Мезгілсіз сөнген оттарым,
Көзіне түскен шоқтарым.
Тұрғаның есте топтанып.
Өртенді жағалауларым,
Алаңға қарай алмадым.
Не істесе болады деп
...Өлең арнадым.

* * *
Сен елдің жадындасың,
Ұяты ,арындасың.
Ағасы ұмытпайды
Ерлік істеген қарындасын.
Мерекеде шерудесің,
Ел озса -көрудесің.
Әр сәби тілегінде,
Тойлардың төріндесің.
Сен солай адымдайсың,
Далада сағымдайсың.
Алаңда жанып тұрған,
Еліңнің шамындайсың.
Сені айтып тауың, тасың,
Жас ұрпақ жалындасын.
Ел деген ұмытпайды
Ерлік істеген қарындасын.



Пікірлер (2)

Маратқызы Айдана

ӨТЕ КЕРЕМЕТ ӨЛЕҢДЕР МАҒАН ҚАТТЫ ҰНАДЫ

Кузаирова Аяулым

Күшті өлең бүгін керек болған тәуелсіздік күніне осы ән

Пікір қалдырыңыз

Іздемеймін шындықты

  • 0
  • 0

Іздемеймін шындықты
Ол бар ма еді, кім көрген?
Жапырақта тұнған шық,
Күн көзінен ол да өлген.

Толық

1995 жыл

  • 0
  • 0

Жұрт ұйқыда,
Қалың ұйқы құшағы.
Сағат тық-тық,
өтіп болмас, үш әлі.

Толық

Аласапыран мына күн

  • 0
  • 0

Жоқ жоғалтқан сияқты жоқшы ма аспан?
Құс жолының ізінде қандай белгі?
Болмыс бізге дейін де көп сынасқан,
Аласапыран мына күн алдай ма енді?

Толық

Қарап көріңіз