Эссе және өлең-жыр байқауы

Күнәһар болар ма екенмін

  • admin
  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1036
Күнәһар болар ма екенмін
Қызуын сезбей күнгейдің?
Ниеті түзу бөтеннің
Жақынымын ба - білмеймін.
Көбірек мұңым күлкімнен,
Досым да, білем, аз ұқты.
Жаным да ащы жыр тілген
Нәзіктігінен жазықты.
Сүлесоқ қалдым , аңдасып,
Ойлардан қызыл от көсеп.
Өтер ме ғұмыр жалғасып
Түсініп ерте кетпесек.
...Өлеңге қайғы шектірген
Көп күнім босқа кетті шын.
Өзімнен ғана деп түйгем
Өмірдің көрсем тепкісін.
Түнеріп аспан әлемім,
Беймезгіл жұлдыз жиі ақты.
Сарайым ішкі , әдемі
Өртеніп кеткен сияқты...

Басқа да өлеңдері

Үзіліп кетті шектерің

  • 0
  • 0

Үзіліп кетті шектерің,
Күңіреніп күйің төкпедің.
Өзіңе қарап өртендім
Жазбауға дәтім жоқ менің!

Толық

Қылдай қуаныштарым...

  • 0
  • 0

Сағаттар жылжып, көз ілеспеді.
Келгенді сәл-пәл бөгегім.
Тәттіден де бір жерімес пе еді,
Мынауың қалай демегін.

Толық

Өмірде көп қызық бар деме...

  • 0
  • 0

Өмірде көп қызық бар деме,
Жүрекке жайлы үн бір азық.
Көзіңмен іздейсің әлдене
Қалғанда көңілің құлазып.

Толық


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...