Өлең, жыр, ақындар

Қазан вокзалы.1996 жыл.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1521
Сағынып елді,
Сағынып көлді күрсінбек.
Мәскеу де мұңды,
Күле алмай мынау тұр шілде.
Қазан вокзалын
Айналып келе беремін.
Жүрегім көнбей
Дегеніме еш дүрсілдеп.
Жаз бітіп қалды.
Сеземін тамыз, күз демін.
Көрмедім сені-
Күдерімді де үзбедім.
Жан танымаймын,
Жанына және бармаймын.
Көзіммен ғана
Қара көзіңді іздедім.
Платформалар,
Еңсені басқан шуы, лаң.
Суық көздерден
Жүрегім сәтте суыған.
«Қазақстан»!
О, «Қазақстан» келіп тоқтады!
Жетемін бе деп
Анам көргендей ұрынам.
Көбелек болып
Кетесің кейде жеңсе ерік.
Аспан мен Жерің
сезімнен кетер теңселіп.
Торығып тұрып,
тарығып тұрып қарадым,
Тотыққан өңі
қоңыр қазақ тұр-жолсерік...
Көңілім жылап...
Баса алмай қойды солығын.
Қазан вокзалын
айналып, қайта торыдым.
...«Қазақстаным»
ауылға қарай бас бұрды,
Құлағымда тек
Қазақтың үні-қоңыр үн...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлттар, мені биікке алып ұшшы...

  • 0
  • 0

Бұлттар, мені биікке алып ұшшы.
Өксік буды жүректі жалынышты.
Түпсіз көкке қараймын, қайда қоям
Тыншытпаған бір сәтке сағынышты.

Толық

Сенің қара көздерің көп қадалып

  • 0
  • 0

Сенің қара көздерің көп қадалып
Жаулап алды сезімді. Неғыламын?
Шоққа шоқты салды ма оттан алып?
Өмір, қандай көп еді, о, ылаңың!

Толық

Самала кештің сәулесі

  • 0
  • 0

Күйзеліп кеткенің бе шын? Күрсінгенің не?
Білемін.Несін күрсіндің, білсін дедің бе?
Өпкенде нәзік , әдемі сырың кеп беттен
Жүрек те сорлы, өрекпіп, дірілдеп кеткен.

Толық

Қарап көріңіз