Өлең, жыр, ақындар

Қандай ғана бастаулардан күш алдым?

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1834
Қандай ғана бастаулардан күш алдым?
Сүйсіне алмай, сүйкене алмай... тұсалдым.
Мен арзанның түсе алмадым алдына,
Қуаныштың орынына құса алдым.
Айналды ма ішкі дүние қорғанға,
Болымсызға болысам деп оңған ба?!
Жол қадірін түсінгендей жолсызда,
Тон қадірін ұғамыз ба тоңғанда?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұз сөгілді әуен төгіп әдемі

  • 0
  • 0

Мұз сөгілді әуен төгіп әдемі,
Аспан боп-боз, түк үмітсіз қарады.
Сен үшін не, не жазығым бар еді?
Біле алмадым-қандай кінә тағады.

Толық

Құм ішіндегі ән

  • 0
  • 0

Елеместе, ортасында көп құмның
Отыратын екі үй және Көктұйғын.
Бозторғайдан сәл мазалы мына мен
Оның үнін өмір үні деп түйдім.

Толық

Бар деумен...

  • 0
  • 0

Бар деумен бас ұрмадым мынада асыл,
Әлденеге жатпадым кінәласып.
Көзің салғын біз жаққа, ей, Мәңгілік!
Жапырағы өлер тал құлағасын.

Толық

Қарап көріңіз