Өлең, жыр, ақындар

Қызыл көйлек

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4257
Күндерді сонау ойша кезгенім
Көлегейлесе жүзімді өзге мұң.
Бірге жүргенде айтушы ең ылғи
Ұнайды деп те қызыл көйлегің.
Тырыспасам да ұнауға саған,
Жылағым келсе жылай да салам.
Қызыл көйлекті қыз кездесті ме,
Ол дағы мендей ұнай ма саған.
...Бұл күнде бәрі басқаша ,жаным.
Жанарымды сан жасқаған жалын.
Кигім келмесе қызыл көйлекті
Өзіммен қалай қастаса аламын.
...Өтті дегенге сенгім келмейді.
Өзгенің бағына төнгім келмейді.
Есіме сені сала бергені үшін
Қызыл көйлекті көргім келмейді.
Салып жүргенде тірлігім тезге мың,
Расқа айналды сенгенім, сезгенім.
Қызыл көйлектің, білмедің ,бірақ
Бейнелеп тұрғанын бақытын өзгенің...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен биікке салып едім ұямды

  • 0
  • 0

Өлтіре алмайды мендегі ешкім қиялды.
Қиялымнан Күн де бүгін ұялды.
Ағаштарда тұрған ұя құстікі,
Мен биікке салып едім ұямды.

Толық

Керегі не тірліктің күйігінің?

  • 0
  • 0

Керегі не тірліктің күйігінің?
Мен -құммын, Жер - ананың түйірімін.
Жүрегім бе? Жап-жарық мәңгі нұрдан.
Беті - сәуле, өзегі- от, бүйірі - күл!

Толық

Өз кеудеме өзім сймай таң, бесін...

  • 0
  • 0

Өз кеудеме өзім сыймай таң, бесін
Белгісіз ән жетелейді, нәркес үн.
Мен екеумін, екі жаққа тартады
Екі пиғыл, бір-ақ қорап, қайтесің.

Толық

Қарап көріңіз