Өлең, жыр, ақындар

Туған жер

  • 25.11.2015
  • 0
  • 1
  • 10597
«...Жүсіпбек Аймауытовтың баласы - Бектұр Аймауытов қайтыс болды. Ол осыдан екі жыл бұрын Кемероводан елге жалғыз оралған...«Алматы ақшамы» газетінен

... Түнде түстен шықпадың, күндіз естен.
Жанымның күйігі едің.
Сенде туып, қуанып, мұңды кешкем,
Сен үшін сүйінемін.
Сен мен үшін Ана едің, Әкем едің.
Сонан да сағынамын.
Тоқсандағы сүйекті әкелемін,
Топырақ табынарым.
Өмір бойы таппаған байызым бұл,
Тыншыған сияқтымын.
Қатыгездіктің қанбаған айызын біл,
Ұлықтар ұятты кім?..
Бар едім сонау қағаз дерегіңде,
Еске алмай ақты өзендер.
Топырағыңнан қайтадан өнемін бе,
Көрем деп бақ кезеңді?
Жатсам болды армансыз қыр төсінде,
Басқан ізі дер Жүкеңнің.
Аймауытов - жұрты есінде,
Ақырын солай күтермін.
Жетпіс алты жыл... жаныма не жасырды?
Менімен кетті... жұмбақ.
Көре алмаған көздерім көп асылды,
Жатайын қырды тыңдап.



Пікірлер (1)

Жания

Өте керемет.СІЗДЕРГЕ РАҚМЕТ

Пікір қалдырыңыз

Байқоңырда

  • 0
  • 0

Тереңге тартып барады мені бір тылсым,
Айта алмай қалсам қызыл да тілім қырқылсын.
Қорқыттың күйі баурайды мұңды сезіммен,
Лықсыған ойлар жарыққа солай ұмтылсын.

Толық

Ең соңғы рет көрдім сені, ал тыңда:

  • 0
  • 0

Ең соңғы рет көрдім сені, ал тыңда:
Тек екеуміз жолығатын жағалау.
Өзен ақты өрекпіген қалпында,
Су тасыр деп тұнып тұрған қала - дау.

Толық

Ел. 1999 жыл.

  • 0
  • 0

Ел. 1999 жыл.
Әкем іздеп келген ел.
Күнге сені тең көрем!
Өзге жерде өмір бар,

Толық

Қарап көріңіз