Өлең, жыр, ақындар

Ақкөлдегі алтыбақан

  • 26.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2041
Ажар Сейтеноваға

Ақкөлдің жағасында алтыбақан,
(Сәнімен сауық құру халқыма тән).
Атанып ақын, әнші неге керек,
Осындай кездерде бір шалқымасаң!..
Мекені айдын көл мен жасыл құрақ,
Ащулар сұңқылдайды басын құрап.
Дауысы Жалпақталға жетіп жатқан,
Қырық қыз, қырық жігіт басым бірақ.
Бұл өңір ала жаздай тық тұр еді,
Сауықшыл жандарменен бір түледі.
Жайқалған көк шалғынга әтір сеуіп,
Бір керім жылы жаңбыр сіркіреді.
Ошақтың мұржасынан от өріліп,
Жалынын ерке самал кетеді іліп.
Ән менен жыр кернеген киіз үйдің,
Түндігі жатыр жиі көтеріліп.
Мәңгілік бұл жалғанда тұрмас адам,
Көңілін тербеткендер сырлас оған.
Өмірден бізден бұрын өткендер де,
Осындай сауықпенен бір жасаған.
Кім қандай? Алақанға салып беріп,
Тұрады бәрі-бәрін халық көріп.
«Алтынның қолда барда қадірі жоқ»,
О бастан өнерліні дәріптелік!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сурет

  • 0
  • 0

Бабамның дархан алабы,
Бусанып жатыр шық түсіп.
Жібітіп тұмса даланы,
Тамылжи Күн де шықты ысып.

Толық

Атамекен

  • 0
  • 0

Көрінер көзіңе ыстық атамекен,
Мен мұны қайта-қайта атап өтем.
Бабалар туып-өскен жерді білмеу,
Жаныңа кәдімгідей батады екен.

Толық

Кезек

  • 0
  • 1

Кезегімен күн батып, түн болады,
(He қымбат бар десек тe таң нарқын).
Кей уақытта көңілге мұң қонады,
Болсаңдағы қаншама ақжарқын жан.

Толық

Қарап көріңіз