Өлең, жыр, ақындар

Алғыстан...

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1834
Отыз беспен қош айтысқан кезде бұл,
Көңілімді мазалайды өзге жыр.
Мені біраз жерге апарып тастадың,
Еліктіріп, желіктіріп, жезде-өмір!..
Балалықтан ыстық не бар жалғанда,
Соны аңсаймыз иығымыз талғанда.
Бұл-бұл ұшты көзден қайран балғын шақ,
Шыбық аттан аударылып қалғанда.
Қызығыңа тоймасымды білгеннен,
Бүрін ашып тұрады ылги гүл кеудең.
Жақсылық деп соғатұғын жүректің,
Ақ желкенін келесің сен үрлеумен.
Соңғы нүктем алыс па, әлде, жақын ба,
Ойланғаным жоқ әлі бұл хақында.
Тірлік қамы тұралатып жүргенмен,
Ең бастысы бұл емес қой ақынға.
Кезімді осы бала сүйіп, жар құшқан
Ақ қанатты арманым көп алға ұшқан.
Өмір, сенен сұрамаймын байлықты,
Кенде қыла көрмеші тек алғыстан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ниетінен табады

  • 0
  • 0

Азаматың болса елде көшелі,
Қиналғанда, жол табады деседі.
Ақылдының айтқанымен жүрсек біз,
Сонда ғана өркеніміз өседі.

Толық

Дарабоз

  • 0
  • 0

Өмір бойы өлең болып алаңы,
Өмір бойы қолдан түспей қаламы,
Ортамызда ақын отыр ақиық,
Мойындатып қала менен даланы.

Толық

Мұң

  • 0
  • 0

Жүрегімде талай мұңның бар табы,
(Жас ұлғайса салмағы оның артады).
Қысымынан көп қайнаған қанымның,
Соңғы кезде желкем жиі тартады.

Толық

Қарап көріңіз