Өлең, жыр, ақындар

Ат пен машина

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2722
Жылқының шын бағасын беріп тұрып,
Алдық біз машинадан көлік мініп.
Шапшаңдық шылауында кете бардық,
Көңілге бір керемет желік кіріп.
Жүрісі машинаның құйын-елес,
(Егесу машинамен, қиын егес).
Тұлпарды талдыратын тәуліктік жер,
Моторлы машинаға бұйым емес.
Жылқының азайды деп ақтар ісі,
Көбейді машинаны мақтар кісі.
Адамның делебесін қоздыратын,
Азайып бара жатыр aт жарысы.
Біздерден барлық сырды «оқып алып»,
Шырадай көздерінің оты жанып.
Басын caп маишнаның капотына,
Тұрады қыл құйрықтар оқыранып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бос орындар

  • 0
  • 0

Өткен жылдар өзінше ырыс бөліп,
Бірте-бірте келеді тыныс кеңіп.
Қош айтысып жастық шақ бара жатыр,
Көмір қара шашыма күміс қонып.

Толық

Достарға наз

  • 0
  • 0

Мақтауды да, даттауды да естідім,
Мұның бәрі ескі шаттық, ескі мұң.
Жаным менің жұлмаланып жатқанда,
Қолдың ұшын берген жоқсың ешбірің.

Толық

Студенттік әзіл

  • 0
  • 0

О, бәтеңкем, қара жорға тұлпарым,
Көп жүрістен жұқарыпты-ау ұлтаның.
Күні бойы жортасың ғой, көтеріп,
Еркетотай аяқтардың бұлтаңын.

Толық

Қарап көріңіз