Өлең, жыр, ақындар

Бір сәттік мойындау

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1963
Мұрат тұтып қасиетті өнерді,
Ақын достар мол бақытқа кенелді.
Бәзбіреулер маған сұрақ қойып жүр,
«Неге тастап кеттің, - деп, - бұл өлеңді».
Жан емеспін өйтіп-бүйтіп амалдар,
Жалғандықты тез байқайды адамдар.
Жыр алдында көтердім мен ақ жалау,
Қайтем, егер алынбаса қамалдар.
Мына ойды келем әбден пысықтай:
Тек жүрейін, жұрттың ішін пысытпай.
Жалпақ елді жалт қаратар жырым жоқ,
Болмайыншы сүтке тиген мысықтай.
Өлеңшілден өлермендер үмітті,
Жасық жырмен кім биікке шығыпты.
Атам қазақ жазғырмаған, сыйлаған,
Жеңілгенін мойындаған жігітті!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұмыттырар...

  • 0
  • 0

Төгеді Күн шуағын мырзасынып,
Жатады жұпар ауа қырға сіңіп.
Жармасқан жер үстіне кәрі қысты,
Беткейге бара жатыр жылға ысырып.

Толық

Жазмыш

  • 0
  • 0

Басыма үйіп-төгіп нала-мұңды,
Тұқырта берді тағдыр талабымды.
Жүрсе де көңілімнің күйі келмей,
Қайтадан алдым қолға қаламымды.

Толық

Сенсіз...

  • 0
  • 0

Құйса да жаңбыр «шелектеп»,
Тұрмадым оны елеп көп.
Уәделі жерге мен «байғұс»,
Келемін тағы дедектеп.

Толық

Қарап көріңіз